Байланыс ақпараттары

Құрылыс-жабдықтау қауіптері

Сақтандыру объектісіне Сақтанушының құрылыс-жабдықтау жұмыстарын және құрылыс нысандарын тұрғызу жұмыстарын орындау барысында болатын кездейсоқ шығындар мен шығыстарға, сондай-ақ залалдың орнын толтыруға байланысты мүліктік мүддесі болып табылады. 

Келісім-шарт бойынша Сақтанушы құрылыс-жабдықтау жұмыстарын орындауға байланысты қауіп туындайтын кез келген жеке және заңды тұлғалар бола алады. 

  • тапсырыс беруші;
  • мемдігерлер, қосымша мердігерлер;
  • жобалаушы ұйымдар.

Құрылыс-жабдықтау жұмыстарын сақтандыру екі бөлім бойынша жүзеге асырылады:

  • 1 – бөлім — материалдық шығын;
  • 2 – бөлім — үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік.

Бірінші бөлім бойынша құрылыс, қайта конструкциялау және күрделі жөндеу нысандары,  құрылыс машиналары, механизмдері мен жабдықтары, басқа да мүлік сақтандырылады.

Екінші бөлім бойынша Сақтанушының үшінші тұлға алдындағы мүлкіне келтірілген материалдық шығын немесе  құрылыс алаңында, болмаса оған жақын маңда құрылыс-жабдықтау жұмыстарын, жабдықтау және іске қосу-реттеу жұмыстарын атқару барысында, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету барысында олардың денсаулықтарына, өміріне келтірілген нұқсан үшін  жауапкершілігі сақтандырылады. 

Қосымша түрде сақтандыру оқиғасы орын алғаннан кейін территорияны тазартуға жұмсалатын шығындардың сақтандырылуы мүмкін.

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша анықталады және шарт бойынша (мердігерлік келісім-шарты) орындалатын жұмыстардың бағасынан; машиналар мен жабдықтардың баланстық құнынан; максималды ықтимал шығын көлемінің ескерілуімен іске қосу-реттеу жұмыстарын атқаруға жұмсалатын шығыннан; құрылыс нысаны болып табылатын материалдар мен басқа да мүліктерді сатып алу бағасынын тұрады.

Сақтандырудың осы түрі бойынша негізгі тарифтік мөлшерлемелер сақтандыру сомасының 0,3% бастап 3,4% дейінгі көлемде.

Заявка на страхование для юридических лиц: