Байланыс ақпараттары

Бизнес

Мүлік пен жауапкершілікті ерікті сақтандырудың «Өзіндік бизнес» бағдарламасы

Бұл кім үшін маңызды?

Жеке және заңды тұлғалар, орта және шағын бизнес кәсіпорындарының басшылары мен жетекшілері, мүлік иелері немесе оны жалдаушылар үшін.

Не сақтандырылатын болады?

Келісім-шарт екі бөлім бойынша жасалады:

А бөлімі бойынша. Иеліктегі, қолданыстағы және жұмсалымдағы мүлік (жеке иеліктегі, жалдаудағы, жалдағы, прокаттағы, лизингтегі, комиссияға, сақтауға немесе кепілдікке алынған, сондай-ақ несиеге алынған және сол несиенің кепілдігі болып табылатын мүлік):
— дәмханалар, мейрамханалар, ТҚКБ, көлік жуу орындары, сұлулық салондары; дүкендер, бутиктер, сауда дүңгіршектері және т.б. — өндірістік жабдықтар, жиһаздар, кеңселік техника және т.б.

Б бөлімі бойынша. Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік.

Неден сақтандырылатын болады?

А бөлімі бойынша. мүліктің өрт, жарылыс, табиғи апаттар салдарынанзақымдалуы немесе толығымен жойылуынан; ішкі жүйелердің апаттарынан, көрші жайлардан су басудан; терезе шыныларының, айналардың және витриналардың сынуынан; вандализмнен, бұзақылықтан, мүліктің қасқана зақымдалуынан және жойылуынан; көліктің басып кетуінен, мүлікке ұшу аппараттарының немесе олардың бөлшектерінің құлауынан.

А БӨЛІМІ бойынша сақтандыру оқиғасының орын алуы салдарынан өндірістің үрдістің тоқтатылуынан, оған келесі шығындардың төлемдері жатады (сақтандыру оқиғасы орын алған уақыттан бастап 3 айға дейінгі мерзім): жалдау ақысы, жұмыскерлердің еңбек ақысы, әлеуметтік төлемдер, салықтар мен алымдар, коммуналдық төлемдер.

Б бөлімі бойынша. Үшінші тұлғалардың (зардап шегушілердің) мүліктеріне, денсаулықтары мен өмірлеріне келтірілген залал бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындау айғағы.

Төлем қалай беріледі?

А бөлімі бойынша. Келтірілген нақты залал көлемінде (амортизацияның ескерілуімен), сондай-ақ өндірістің тоқтатылу бойынша шегілетін шығын көлемінде, бірақ белгіленген сақтандыру сомасынан артық емес мөлшерде.

Б бөлімі бойынша.
1) Мүлікке залал келтірілгенде  — келтірілген нақты залал көлемінде, бірақ сақтандыру сомасынан/жауапкершіліктің лимитінен артық емес мөлшерде;
2) Үшінші тұлғаның денсаулығына/өміріне залал келтірілгенде сақтандыру сомасының % көлемінде:

  • Өлім — 100%;
  • Мүгедектік: I топ бойынша — 100%; II топ бойынша —70%; III топ бойынша — 30%;
  • Еңбекке уақытша жарамсыздану — емделудің әрбір күні үшін 1 АЕК, бірақ еңбекке жарамсыздықтың 30 күнтізбелік күннен артық болмауы тиіс.

Сақтандыру келісім-шартын қалай жасауға болады?

Сақтандыру Келісім-шарты мүлікті тексерусіз 12 айлық мерзімге жасалады. Жылжымалы мүлік сақтандырылатын болса сақтандыру Келісім-шартына мүліктің тізімдемесі қосымша жасалады.

Сақтандыру Келісім-шартының күші екі бөлім бойынша алғаш орын алған сақтандыру оқиғасы бойынша сақтандыру төлемі берілген уақыттан бастап күшін жояды.

Сізге қолайлы болу үшін сақтандыру полисін өтеудің келесі нұсқалары қарастырылған:

  • Ақшалай немесе ақшасыз есеп айырысу;
  • Толықтай немесе бөліп төлеу.

Бұл не себепті пайдалы?

  • Сақтандыру Келісім-шартын жасау үрдісі өте оңай және жылдам.
  • Сақтандыру бағасы қымбат емес.
  • Өндірістің тоқтатылуы барысында келтірілген залал өтеледі.
  • Келісім-шарттың сенімділігі халықаралық қайта сақтандыру және  «Сентрас Иншуранс» СК жұмысының 15 жылдық тәжірибесімен кепілдендірілген

Заявка на страхование для юридических лиц: