Байланыс ақпараттары

Компания тарихы

«5»мамыр 2012 

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ «Компания қызметкерлерінің денсаулығын қорғау және сақтау» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Компания еңбек заңнамалары талаптарын қатаң сақтау саясатын ұстанған және кадрлық саясаттың басымдығын пікірлестердің ынтымақтастығы зор ұжымын қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мамандарды қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету деп таниды. 

«2» сәуір 2012

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруға жаңа № 2.1.16 лицензия алды. Жаңа лицензия қызметтер қатарына ерікті түрде сақтандырудың жаңа санаттарының енгізілуіне байланысты алынды: қарыздарды сақтандыру, сот шығындарын сақтандыру, титулдық сақтандыру, қаржы ұйымдарының шығыстарын сақтандыру. 

«15» наурыз 2012

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ жыл сайын өткізілетін «Қазақстандық тұтынушылар лигасы» ЗТҰА байқауының қорытыныдысы бойынша мінсіз Компания болып танылды. Марапаттау салтанаты Алматы қаласындағы «Мега» СОС өткізілді.

«Қазақстандық тұтынушылар лигасы» ЗТҰА үміткерлерді «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттады. «МІНСІЗ» халықтық сапа белгісі жыл сайын өткізілетін байқау негізінде ұйымның бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін қолданысқа енгізуіне бағытталған өнімнің және/немесе қызметтердің сапасын арттыру саласында ұйымның қол жеткізген нәтижелері үшін  беріледі.  «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ осындай мәртебелі халықтық марапатқа екінші жыл қатарынан ие болып отыр. 

«7» наурыз 2012

Алматыда Алматы қаласының ішкі істер Департаментінің жол полициясы Департаменті мен «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы Халықаралық әйелдер күні – «8» наурыз мейрамына байланысты бірлесіп ұйымдастырған, дәстүрге айналған акция өткізілді. Акция төңірегінде жол полициясы қызметкерлері «Сентрас Иншуранс» қызметкерлерімен бірге күн бойы Алматы қаласының жолдарында кезекшілікте болды. Олардың мақсаты ЖЖЕ бұзушыларды ұстау, бірақ айыппұл ресімдеу орнына бұл күні жолы болмаған автокөлік иелеріне, әсіресе әйел адамдар мен қыз-келіншектерге, тек ауызша ескерту жасау болды, оларға жолда жүру Ережелері түсіндіріліп, мерекеге орай ұнамды кәдесыйлар тапсырылды.

«3» наурыз 2012

Ақ Бұлақта (Алматы облыс) демеушісі және сақтандырушысы «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы болған «Қысқы маунтинбайк» спорттық шарасы өткізілді.

Жасы 16 бастап 25 дейінгі жүзден астам спортшы өздерінің велосипедтерін тізгіндеп, Ақ Бұлақ бөктерлерінде шеберліктерін көрсетті. Әрбір қатысушы жазатайым оқиғадан сақтандырылды. Жазатайым оқиғадан сақтандыру келісім-шарты сайыс барысында алған жарақаттар бойынша сақтандыру төлемінің берілуін қамтамасыз етеді.  Жарыстың қатысушылары сақтанған жалпы сақтандыру сомасы 50 млн. теңгені құрады.

Чемпионаттың ұйымдастырушысы Алматы қаласының велоспорт Федерациясының және «Велоқор» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен құрылған «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігі болды. 

«10» ақпан 2012

Компания Өскемен қаласында тағы бір ресми кеңсе ашты. Енді қала тұрғындарында қолайлы бір кеңсені таңдап, сапалы сақтандыру қызметтерін тұтыну мүмкіндігі бар. 

«4» қаңтар 2012

Павлодар қаласында жаңа кеңсе ашылды. Компания ресми кеңселерге қатаң талаптар қояды, сондықтан да жаңа кеңсенің орналасқан жері өте қолайлы, күтейге арналған қолайлы орындармен жасақталған кең операциялық залы және жеке тұрақжайы бар.

«7» желтоқсан 2011

«SOS Medical Assistance» сервистік компаниясының алғашқы медициналық орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл шара «Сентрас» компаниялар тобы көрсететін медициналық қызметтер кешенін кеңейтуге жасалған кезекті қадам болатын.

«36,6» дәріханалар желісімен және «Сентрас Иншуранс» және «Коммеск-Өмір» компанияларына ассистанс қызметтерін көрсететін «SOS Medical Assistance» медициналық сервистік компаниясын қатар енді топ құрамында клиенттерге жалпы медицина мамандары мен жеке бағыттағы дәрігерлердің кеңесін беру қызметін, ең жаңа жабдықтарда орындалатын зерттеулердің зертханалық-құралдық әдістерін ұсынатын, физиоемдеу, профилактикалық тексмеру мен басқа да көптеген қызметтер көрсететін дербес медициналық емхана бар.

«1» желтоқсан 2011

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы ауыстырылды. Басқарма Төрағасы лауазымына Бейбіт Тұрысбеков тағайындалды. Үсенов Талғат Қалдыбайұлы өз қызметін Компанияда директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде жалғастыратын болады.

«18» қараша 2011

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалының Шымкент қаласындағы жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

«12» қыркүйек 2011

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалының Петропавловск қаласындағы жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті

«15» қыркүйек 2011

Бірегей әлеуметтік «Біздің балалар» акциясы басталды. Акция төңірегінде кез келген қазақстандық өзінің баласын жазатайым оқиғадан сақтандыру келісім-шартын тегін ала алады және ерікті сақтандыру бағдарламаларына жеңілдіктер сертификатын иелене алады.

«4» маусым 2011

«Сентрас Иншуранс» Компаниясында халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Әлем иншурансшылар көзімен» атты балалар суретінің байқауының қорытындысы шығарылды. Кішкентай қылқаламшыларға арналып клоундардың, әртістердің қатысуымен керемет мереке ұйымдастырылды, дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді.

«27» мамыр 2011

«Сақтандыру нарығының болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оған Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының, Қазақстан сақтандырушылары Ассоциациясының өкілдері, сондай-ақ республиканың көптеген сақтандыру ұйымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар дөңгелек үстелге  «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Үсенов қатысып, қатысушыларды қалыптасқан жағдайдың болашақтағы бағдарларымен таныстырып өтті. 

«6» мамыр 2011

Алматыдағы оқушылар Сарайында жолда жүру ережелері бойынша балалар байқауы өткізілді. Байқау алматы қаласының жол полициясының ұранымен өтті. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы балалар байқауының демеушілерінің бірі ретінде қатысып, балаларға бағалы сыйлықтар ұсынды. 

«14» наурыз 2011

Қазақстандық тұтынушылардың ұлттық Лигасы өткізген зерттеулер нәтижесі бойынша «Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Мінсіз» халықтық сапа белгісін иеленді.

«1» наурыз 2011

«Сентрас Иншуранс» компаниясы бірегей жаңа «90×60×90» сақтандыру бағдарламасын іске қосты.

«2» ақпан 2011

Moody’s Investors Service халықаралық агенттігі (Париж) «В2» халықаралық көрсеткіштері бойынша «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ қаржылық тұрақтылығы бойынша рейтингін көтерді, болжам — «тұрақты».

«24» қаңтар 2011

АФН Басқармасының 24.01.2011 жылғы №6 қаулысына сәйкес «Сентрас Капитал» ЖШС «Коммеск-Өмір» Сақтандыру Компаниясы» АҚ және «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ сақтандыру холдингі мәртебесін алуына келісімін беру туралы шешім қабылданды. 

«23» желтоқсан 2010

Қазақстандық тілшілер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Үсенов 2010 жылдың үздік спикерлерінің бірі болып танылды.  Сонымен қатар Компания белсенді ақпараттық саясаты үшін марапатқа ие болды. 

«20» желтоқсан 2010

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы клиенттерге неғұрлым жылдам және сапалы қызмет көрсету мақсатында өзінің автопаркін жаңа жеті автокөлікпен толықтырды. Сатылып алынған көліктер апаттық комиссариат қызметкерлерінің қолданысына арналған.

«12» қыркүйек 2010

«Сентрас Иншуранс» компаниясы өзінің туған күнін атап өтті. Компанияның 13жылдығы «Мереке» спорттық-ойын-сауық кешенінде аталып өтілді. Көптеген байқаулар өткізіліп, турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды.

«4» қыркүйек 2010

«Gorky Tennis Park» теннис клубында теннистен қйырымджылық турнирі өткізілді. Турнирді Қазақстан Республикасының Қызыл жарты айы Америкалық Қызыл Крестпен бірлесе отырып ұйымдастырды. Жиналған барлық қаражат Шелек ауылының мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алуға жұмсалды. «Сентрас Иншуранс» компаниясы да аталған қайырымдылық шарасына өз үлесін қосты.

«5» маусым 2010

Дүниежүзілік футбол біріншілігі қарсаңында «СЕНТРАС» тобына енетін компаниялар да футболдан дәстүрлі корпоративтік турнир өткізді. Алаңда 3 топ бақ сынасты: Сентрас Иншуранс, Коммеск Өмiр және Сентрас United (Сентрас Капитал мен Сентрас Секьюритиздің құрамасы). Аса күрделі және қызу өткен бәйгеде Сентрас тобының чемпионы Сентрас Иншуранс тобы болды.

«20»сәуір 2010 жыл

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы бағдарламалық қамтамасыздандырулардың үздігі - «Fadata» халықаралық компаниясы ұсынған, сақтандыру қызметін есепке алу мен бақылаудың кәсіби ақпараттық жүйесі «INSIS» бағдарламасын қолданысқа енгізді.

«3» наурыз 2010 жыл

Қазақстан экономикасының түрлі салаларының ірі компаниялары мен ұйымдарының басшылары қатысқан «Exclusive» жорналының зерттеулері бойынша  «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ үшінші жыл қатарынан (2007, 2008, 2009 жылдар) мінсіз мәртебелі қазақстандық 50 компания қатарына кірді.

«12» ақпан 2010

Корпоратив ішілік қарым-қатынастарды дамыту бағдарламасы шеңберінде «Сентрас» қаржылық тобының 4 компаниясы арасында бильярдтан турнир өткізілді («Сентрас Иншуранс», «Сентрас Капитал», «Сентрас Секьюритис», «Коммеск-Өмир»), әр топтан  3 өкілден қатысты.

«30» қараша 2009

«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг Агенттігі дүниежүзілік В3 көрсеткіштері бойынша «Сентрас Иншуранс» Компаниясының сақтандырушының қаржылық тұрақтылығы рейтингін (СҚТР) растады, рейтингтік болжам - «Тұрақты». Артықшылықтары ретінде Компанияның қалыптасқан, корпоративтік және жеке нарыққа бағытталған бизнес-үлгісі, тәуекелдердің орынды диверсификациясы, сенімділіктің жоғарылығы, қайта сақтандырудың тиімді жүйесі, сондай-ақ тұрақты инвестициялық портфелі аталды. Агенттіктің аналитиктерінің пікірі бойынша  «Сентрас Иншуранс» Компаниясының әрі қарай даму беруге барлық мүмкіндіктері бар.  Moody’s сарапшылары Компания рейтингінің осы жылы да артуының мүмкін болғандығын атап өтті, бірақ бұған Қазақстанның дербес рейтингінің төмендеу болуы кедергі келтірді. 

«1» қараша 2009

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ барлық филиалдарында (Семей қаласын санамағанда) бірыңағай телефон нөмірі жұмыс жасауды бастады: (+7 қаланың коды) 59-77-55.

«24»қазан 2009

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы сақтандырудың «50 Х 50» бірегей бағдарламасын ашты. Бағдарламаға сақтандырудың екі түрі бойынша қамту қарастырылған: автокөлік иелерінің АҚЖ ерікті сақтандыруы (50 000 теңгеге дейін) + АвтоКАСКО (50 000 теңгеге дейін). Бағдарламаның артықшылықтары мыналар: ЖКО орын алған уақыттан бастап 3 күн ішінде жол полициясының құжаттарын тапсырусыз төлем беру; Сақтанушының кінәсіне қарамастан шығынды қайтару; ЖКО қатысушыларының санының шектелмеуі.

«20»қазан 2009

«Сентрас Иншуранс» Компаниясының футбол бойынша жасақталған тобы қазақстандық 14  компания сабында футбол жанкүйерлерінің «Күз 2009» Лигасына қатысты. Чемпионат Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді және  қазақстандық спортты дамытуға бағытталды.

«30» қыркүйек 2009

Компания қызметкерлері алматылық байкерлермен бірге «Жанұя» балалар үйінде болды. Компания қызметкерлері жинаған қаражатқа бірнеше компьютер, балаларға арналған киім-кешектер мен ойыншықтар сатылып алынды. 

«11» қыркүйек 2009

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы мен «Ұлар-Үміт» жинақтаушы зейнетақы Қоры  өзара серіктестік туралы келісім жасасты.  Аталмыш келісім «Ұлар-Үміт» зейнетақы Қорының салымшыларына «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясымен ерікті сақтандыру келісім-шарттарын жеңілдікпен жасау мүмкіндігін береді. 

«10»тамыз 2009 жыл

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Жеңілдіктер аптасы» атты айтқысыз акцияны бастады. Апта сайын клиенттерге ерікті сақтандыру бағдарламаларының бірін 10 пайыздық жеңілдікпен алу мүмкіндігі ұсынылды.

«30» маусым 2009 жыл

2009 жылдың маусым айында Лондонда дүние жүзіндегі ірі сақтандыру компанияларының бірі «FM Global» ұйымдастырған сақтандыру форумы өткізілді.  Аталған көлемді шараға қатысу үшін әлемнің 30 елінен ең беделді сақтандырушылары жиналды. Форумда өзара сақтандыруды дамыту мүмкіндіктері, «FM Global» компаниясының инновациялары мен серіктестік желісін дамыту мәселелері талқыға түсті. Қазақстанның атынан форумда ұзақ уақыт бойы «FM Global» Компаниясының жалғыз қазақстандық серіктесі болып келе жатқан «Сентрас Иншуранс» Компаниясының Басқарма Төрағасы Талғат Үсенов сөз сөйледі. 

Форумның «Сентрас Иншуранс» Компаниясы үшін ең басты нәтижесінің бірі Компанияға «FM Global» бағдарламасы шеңберінде сақтандырумен қамтылуы көлемді Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарын өзара серіктестік қағидатына негізделген сақтандыру бойынша эксклюзивті мүмкіндіктің бұйыруы болды. 

«28» мамыр 2009 жыл

2009 жылдың  мамыр айында қазақстандық іскерлік басылымдар тілшілерінің арасында  қазақстандық компаниялардың арасындағы үздік баспасөз қызметін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жеңімпаздан мынадай талаптар бойынша таңдалды: максималды ашықтық, жеделдік, құзырлылық, әлеуметтік белсенділік,  креативтік және әзілді түсіне білуі. Сауалнаманың қорытыныдысы бойынша «Сентрас Иншуранс» PR Басқармасы Қазақстандық баспасөз қызметтерінің 30 үздігінің қатарына кірді.

«1» мамыр 2009

Компания тегін ұялы Call-орталықты іске қосты. Енді «Сентрас Иншуранс» Компаниясына кез келген ұялы байланыс операторынан 7072 нөмірін теру арқылы тегін хабарласуға болады.

«30» сәуір 2009

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы мотокөлікті сақтандыруды ұсынады.  Сақтандырудың бұл бағдарламасы Қазақстанда алғаш рет пайда болды.

«7» сәуір 2009

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы «Жедел сақтандыру көмегі» атты бірегей қызметтер жиынтығын ұсынды. 

«1» қаңтар 2009

Қазақстан экономикасының түрлі салаларының ірі компаниялары мен ұйымдарының басшылары қатысқан «Эксклюзив» жорналының зерттеулері бойынша «Сентрас Иншуранс» Компаниясы екінші жыл қатарынан мінсіз мәртебелі қазақстандық 50 компания қатарына кірді.

«1» желтоқсан 2008

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы қыс бойы жалғасқан «Қысқы сыйлықтар науқаны»  акциясын өткізуді бастады. АҚЖМ полисін сатып алған әрбір клиент сыйлыққа 20 литр жанармай және сәнді кәдесый алды!

«12»қыркүйек 2008

«Сентрас Иншуранс» Компаниясына 11 жыл толды! Осы жылдар бойы «Сентрас Иншуранс» көрсеткіштері мардымсыз шығын компаниядан сақтандыру нарығындағы үздіктердің біріне айналды. Таңдалған стратегияның арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Тек қана соңғы 3 жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде кіріс көлемі 13 есе артты. Ал аталған кезеңде клиенттерге берілген төлемдер 22 есеге жуық артты.

«30» тамыз 2008

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы спорттың экстремалды түрлерінен өткізілетін «Mercur Open Cup» бәйгесінің ресми сақтандырушысы болып танылды, аталмыш бәйге «Табаған» спорттық-ойын-сауық кешенінде жыл бойы өткізілетін болады.

«31» шілде 2008

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы Қазақстанның дельтапланеризм бойынша ашық Чемпионатының демеушісі және сақтандырушысы болып танылды. 

«15» шілде 2008

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы мен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы Қоры (МЖЗҚ) арасында  зейнетақы Қорының салымшыларын жеңілдікпен сақтандыру туралы келісім жасалды.

«25» маусым 2008

Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының қатысуымен 14 сақтандыру компанияялары және сақтандыру омбудсманы арасында сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттеу Меморандумы жасалды.

«16» маусым 2008

Moody’s Investors Service халықаралық агенттігі  қазақстандық Сақтандырушыға (Centras Insurance) «В3» халықаралық көрсеткіштері бойынша сақтандырушының қаржылық тұрақтылығы рейтингін (СҚТР) берді, болжам — «жағымды».

«01» маусым 2008

«Эдьдани» орталық даму Қоры мен NAYADA компаниясы Арбатта «Шеберлер қаласы» жобасының тұсаукесерін өткізді, аталған жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына және оларға қолдау көрсетуге арналған. Шараның ресми сақтандырушысы «Сентрас Иншуранс» Компаниясы болды, сонымен қатар «Эльдани» орталық даму Қорына балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік шараны өткізуде демеушілік көрсетті. 

«1» наурыз 2008 жыл

www.kupipolis.kz Ғаламтор-сайты жұмысын бастады, онда сақтандыру сыйлықақысын есептеуге арналған калькулятор мен сақтандыру полисіне тапсырыс беруге арналған өтініштің үлгісі ұсынылған. Қызметтің бұл түрі дүниежүзі бойынша кең сұранысқа ие, себебі бұл Сақтанушының уақытын үнемдейді. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы бұл қызметтерді енді қазақстандықтарға да ұсына алатындығына қуанышты. Ғаламтор арқылы жасалған тапсырыс бойынша бірінші полис 2008 жылдың «15» наурызында табысталды.

«01» ақпан 2008

«Сентрас Иншуранс» компаниясының шығыстарды реттеу Департаментінің промо-сайты болып саналатын www.отказов.net веб-сайты жұмысын бастады. Порталда  он-лайн тәртібінде Департамент қызметкерлері туралы мәліметтер, берілген сақтандыру төлемдері туралы ақпараттар, қызықты фактілер мен сақтандыру төлемдері бойынша қажетті мағлұматтар ұсынылады.

«21» қаңтар 2008

«Эксклюзив» жорналы жүргізген тәуелсіз сауалнама қорытындысы бойынша  (21.01.2008 жылғы #1) «Сентрас Иншуранс» Компаниясы мінсіз мәртебелі қазақстандық 50 компания қатарына кірді.

«1» желтоқсан 2007

«Сентрас Иншуранс» Компаниясы International Network of Insurance (INI) ресми мүшесі және аталған халықаралық сақтандыру желісінің қазақстандық сақтандыру нарығындағы өкілі болды.

«1» қазан 2007

«National Business» жорналы өткізетін жылдық есептер байқауында «Сентрас Иншуранс – 2006» есебі 2006 жылғы үздік жылдық есеп ретінде байқаудың бас жүлдесін иеленді. 

«12»қыркүйек  2007

«Сентрас Иншуранс» Компаниясына 10 жыл толды.

«1» мамыр 2007 жыл

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ әлемнің ірі қайта сақтандырушыларымен, Swiss Re (Швейцария, рейтингі S&P бойынша «АА-») және Munich Re (Германия, рейтингі S&P бойынша «АА-») компанияларымен шығынның апаттық эксцеденті (CatXL) туралы келісім-шарт жасады — апаттар салдарынан орын алатын шығыннан сақтандыру. Сақтандыру Компаниясының Қазақстанның ОҚО және Қызылорда облысындағы филиалдары ашылды.

«15» сәуір 2007

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясының Алматы қаласындағы Фурманов көшесіндегі клиенттерге қызмет көрсететін жаңа кеңсесі ашылды.

«15» қаңтар 2007

Сақтандыру компаниялары арасында сақтандыру пуласын қалыптастыру туралы Келісімге қол қойылды: «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, «Номад Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, «БТА Сақтандыру» АҚ,  «Альянс Полис» Сақтандыру Компаниясы» АҚ,  «Аманат Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ.

«15» желтоқсан 2006

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ және «НефтеБанк» АҚ арасында банк клиенттерінің кепілдік мүліктері мен басқа да қауіптерді сақтандыру саласы бойынша серіктестік туралы Келісімге қол қойылды. 

«12» желтоқсан 2006

Тәулік бойы жұмыс жасайтын көп арналы нөмір қолданысқа енгізілді: — (+7 727) 2 600 602.

«1» тамыз 2006

«Сентрас Иншуранс» Компаниясында «Премия» (Premia) мамандандырылған электрондық есепке алу және қызметті бақылау жүйесі өнеркәсіптік қолданысқа  енгізілді. Осындай жүйлерді әлемнің AIG, Tokyo Fire & Marine Insurance сияқты және басқа да ірі сақтандырушылары қолданады.

«18» мамыр 2006

Қолданыстағы лицензияға сақтандырудың қосымша санаты енгізілді -  «Міндетті экологиялық сақтандыру». 2006 жылдың «15» наурызында  «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ жарғылық капиталының 1 003 250 мың теңгеге дейін арттырылуына байланысты жарияланған акцияларды шығарудың мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылды. 

«1» наурыз 2006

Lloyd’s корпорациясымен және батыстық қайта сақтандырушылардың пулаларымен облигаторлық қайта сақтандыру келісім-шарты жасалды, олардың ішінде SCOR (Франция), Partner Re (Швейцария), Hannover Re (Германия), Transatlantic Re (АҚШ) және CCR (Франция) бар.

«24» ақпан 2006

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ бірінші филиалы тіркелді — Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық филиалы. 2006 жылдың соңына дейін Қазақстанның түрлі облыстарында тағы 5 филиал ашылды.

«16» қаңтар 2006

Қайта сақтандыру қызметтерін атқаруға лицензия алынды, Сериясы ДП № 16-1/1.

«31» тамыз 2005

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ жарғылық капиталының 500 млн. теңгеге дейін арттырылуына байланысты жарияланған акцияларды шығарудың мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылды.

«20» маусым 2005

«ТЕРРА» Сақтандыру Компаниясы» АҚ  атауының «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ болып өзгеруіне байланысты қайта тіркелді.