Байланыс ақпараттары

Сақтандыру оқиғасы

Егер Сіздің автокөлік немесе автокөлік иесінің жауапкершілігі сақтандырылған болса

Сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда:

  • Сабыр сақтауға тырысыңыз.
  • Жол-көлік оқиғасы мен зардап шеккендер туралы дереу арада жол полициясына 102 нөмірі арқылы хабарлама жасаңыз және олар келгенше оқиға орын алған жерде болыңыз. Ресімделген құжаттарда көрсетілетін ақпараттардың толықтығын мұқият бақылаңыз. 
  • Егер ЖКО нәтижесінде өмір мен денсаулыққа нұқсан келтірілген болса міндетті түрді 103 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  • Егер көлік құралы тұтанып, жанған болса 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  • Жол полициясы қарағанға дейін көлік құралын орнынан қозғамаңыз. 
  • Кез келген мүмкін амалмен (ауызша, жазбаша) сақтандыру оқиғасының орын алғандығы туралы Сақтандырушыға хабар беріңіз. Ауызша жасалған хабарламаның кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуы қажет.
  • Зақымданған көлік құралын (зақымданған мүлікті) Сақтандырушы тексергенге дейін  сақтандыру оқиғасының орын алуы салдарынан болған күйде сақтаңыз. 
  • Ықтимал шығынды азайтуға бағытталған шараларды атқарыңыз. 
  • Сақтандырушының келісімінсіз ақшалай төлем бермеңіз және өтініштер жасамаңыз.

Сақтандырушыға шартты мерзім ішінде сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама жасамау оған сақтандыру төлемін беруден бас тарту құқығын береді.

Сақтандыру төлемін алу үшін Сақтандырушыға ұсынылуы тиіс құжаттар:

  • Сақтандыру төлемі туралы өтініш.
  • Сақтандыру келісім-шарты (сақтандыру полисі).
  • Сақтанушының (Сақтандырылғанның) немесе көлік құралын басқарушы тұлғаның жүргізушілік куәлігінің көшірмесі және оның дәл сол автокөлік құралын басқаруға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
  • Сақтандыру оқиғасының орын алу айғағын және зардап шегушілерге келтірілген зиян көлемін растайтын құжат.
  • Денсаулық сақтау ұйымының зардап шегушінің уақытша жұмысқа жарамсыздану уақыты туралы анықтаманың көшірмесі немесе мамандандырылған мекеменің зардап шегушінің мүгедек болып танылуы туралы анқытамасы – егер мүгедектік тағайындалатын болса. 
  • Зардап шегушінің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариуспен куәландырылған көшірмесі және пайда алушының келтірілген шығынды алуға құқығын растайтын құжат (көшірме) – егер зардап шегуші қайтыс болса.
  • Қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы. 
  • Пайда алушының жеке бас куәлігінің көшірмесі (жеке тұлға үшін) немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхаттың түпнұсқасы.
  • Сақтанушының «Сақтандырылғанның) сақтандыру оқиғасы орын алғанда шығынның алдын алуға немесе оны барынша азайтуға бағытталған шараларды атқаруына жұмсаған шығынын растайтын құжаттар (егер олар болса).
  • Келтірілген шығынның көлеміне тәуелсіз сарапшы жүргізетін бағалау бойынша құжаттар (егер олар болса).
  • Сақтандыру төлемін алуға сенімхат (егер қажет болса).

Көлік құралы айдап әкетілген болса қосымша тапсырылады:

  • Көлік құралын тіркеу құжаттары (көлік құралын тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорт), басқару және есептен шығару құқығын беретін сенімхаттар, жүргізуші куәлігі).
  • Сол көлік құралы кілттерінің түпнұсқаларының жиынтығы.
  • Сақтанушының міндеттемелері көрсетілген хат, көлік құралы табылған жағдайда Сақтандырушының сақтандыру төлемін беру бойынша шеккен шығынын алынған соманы қайтару жолымен немесе көлік құралын Сақтандырушыға оны нарықтық бағасы бойынша сатуға қажетті барлық құжаттарымен бірге бере отырып, алынған соманы Сақтандырушының есептік шотына аудару арқылы қайтару. 

Көлік құралы тұтанып, жанатын болса өрт сөндіру қызметінің тұтану себептері мен қабылдаған шешімі (тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жөнелтілетін болса) көрсетілген құжат қосымша тапсырылады.

Сақтандырушыны сақтандыру оқиғасының орын алуы мен Сізге келтірілген шығын үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығымен қамтамасыз етуге барынша тырысыңыз. 

Егер Сіздің мүлкіңіз сақтандырылған болса

Сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда:

  • Сабыр сақтауға тырысыңыз.
  • Дереу арада оқиғаның орын алғандығы туралы тиісті органдарға хабарлама жасаңыз:
    • өрт болса - 101;
    • ұрлық болса немесе үшінші тұлғалардың басқа да құқыққа қарсы әрекеттері кезінде - 102;
    • су тарату, жылыту немесе кәріз арналары жүйелері жарылған болса – тиісті апаттық қызметтерге;
    • егер сақтандырылған үй жайы болса – ПИК хабарласыңыз.
  • Шығынды азайту мақсатында сақтандырылған мүлікті құтқаруға бағытталған шараларды атқарыңыз.
  • Оқиғаның орын алғандығы туралы Сақтандырушыға 3 (үш) күн ішінде хабарлама жасаңыз.
  • Сақтандырушының өкілін зақымданған мүлікті тексеру және шығын себептері мен көлемін анықтау бойынша тергеу жүргізу мүмкіндігімен қамтамасыз етіңіз. 

Сақтандырушыға шартты мерзім ішінде сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама жасамау оған сақтандыру төлемін беруден бас тарту құқығын береді.

Сақтандыру төлемін алу үшін Сақтандырушыға ұсынылуы тиіс құжаттар:

  • Сақтандыру төлемі туралы өтініш;
  • Сақтандыру келісім-шарты (сақтандыру полисі);
  • Жеке бас куәлігінің көшірмесі (жеке тұлға үшін);
  • Сақтандыру төлемін алуға сенімхат (егер қажет болса);
  • Сақтандыру оқиғасының орын алу айғағын және зардап шегушілерге келтірілген зиян көлемін растайтын құжат.
Сақтандырушыны сақтандыру оқиғасының орын алуы мен Сізге келтірілген шығын үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығымен қамтамасыз етуге барынша тырысыңыз.