Байланыс ақпараттары

Ерікті медициналық сақтандыру

Елімізде білікті дәрігерлер мен мамандар жұмыс жасайтын көптеген медициналық орталықтар мен емханалар пайда болды, олар жаңа заманауи аппаратур мен жабдықтарды пайдаланады, медициналық орталықтардан қызмет алу жылдам, жоғары сапалы және мәдениетті бола түсуде.

Осындай сан алуан жағдайда қалайша дұрыс таңдау жасауға болады? Қаражатыңызды қалайша тиімді жұмсауға болады? Ең дұрыс және тиімді жол – медициналық шығындарды сақтандыру. Бұл баяғы әжеміз ұстанған амал сияқты оп-оңай және қол жетімді – тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде лимон немесе таңқурай қосып бір ышын ыстық шай ішу.

Біз Сізге медициналық сақтандырудың бірнеше бағдарламасын ұсынамыз, олар көрсетілетін медициналық қызметтердің жиынтығымен және сақтандыру төлемінің максималды мөлшерімен ерекшеленеді. 

«Сентрас Иншуранс» Компаниясының ерікті медициналық сақтандыру бағдарламалық артықшылықтары

  • Дербес әдіс
  • Үздік емханалар мен дәрігерлерге қол жетімділік
  • Қызметтерді жоспарлау
  • Отбасы мүшелерін жеңілдікпен қосу
  • Әлеуметтік жиынтықтың кеңейтілуі

Қосымша артықшылықтары

  • Тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік қызмет (аптасына 7 күн бойы күніне 24 сағаттан)
  • Медициналық жетекшілік (емханаға жатқызылатын болсаңыз Сізге біздің өкіл жетекшілік ететін болады)
  • Медициналық қызметтерге сараптама жасау (көрсетілген қызметтердің толықтығы мен қажеттілігіне үнемі мониторинг жүргізу)
  • Қазақстанның барлық территориясы бойынша медициналық қызмет көрсету
  • Сапалы стоматология
  • Бағдарламаларға қосымша опциялар (мысалы: “жүктілік және босану”, оған жүктілікке және жаңа туған сәби өмірінің алғашқы жылындағы патронажға байланысты шығындар кіреді)
  • Корпоративтік жеңілдіктер