Байланыс ақпараттары

Серіктестер

Сентрас инвестициялық тобы 2004 жылы құрылды және бүгінгі таңда оның құрамына Қазақстанда және ТМД елдерінде қызмет ететін бірнеше компания кіреді. 

Атап айтқанда топқа «Сентрас Секьюритиз» АҚ (Қазақстан), «Центрас Капитал» ЖАҚ (Ресей) және басқа да бірқатар компаниялар кіреді.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ

«Сентрас Секьюритиз» АҚ қызметі капитал нарықтарына, активтерді басқаруға, корпоративтік қаржыландыруға және Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі дербес капиталды инвестицияландыруға бейімделген. 

Компания көздеп отырған стратегиялық мақсаттардың бірі жергілікті нарыққа халықаралық тәжірибелерді, стандарттар мен инновацияларды енгізуді жеделдету болып табылады. 

Компания инвестициялық банкинг саласы бойынша кең ауқымды қаржылық қызметтер көрсетеді, оған брокерлік қызметтер, сенімгерлік басқару, компаниялардың бірігуі мен жұтылуы бойынша көрсетілетін қызметтер, жобаларды сараптамалық бағалау қызметтері, жергілікті және халықаралық деңгейде қаржыландыруды ұйымдастыру қызметтері жатады. Атап айтқанда «Сентрас Секьюритиз» АҚ жарналық инвестициялық ашық қор тіркеген Қазақстандағы бірінші компания болып табылады және бүгінгі таңда бизнестің осы бағытын қарқынды түрде дамытып келеді. 

Компанияның Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау жөніндегі Агенттігі берген тиісті лицензиялары бар:

  • Инвестициялық портфельді басқару қызметтерімен айналысуға 2004 жылдың «22» қыркүйегінде берілген № 0403200223 лицензия.
  • Бағалы қағаздар нарығында номиналды иегер ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығымен брокерлік-дилерлік қызметтерін көрсетуге 2004 жылдың «22» қыркүйегінде берілген № 0401200886 лицензия.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ Қазақстанның қаржы қызметтері нарығындағы жаңа компания болып саналады, дегенмен, оның ұжымы халықаралық деңгейде мәмілелер жасау бойынша тәжірибесі мол, біліктіліктері жоғары мамандардан жасақталған.  «Сентрас Секьюритиз» АҚ діңгегі қазақстандық ірі банктердің, «Deloitte & Touche» компаниясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бұрынғы басшылық еткен қызметкерлерінен тұрады, олардың жан-жақты жұмыс тәжірибелері мол, нарықты, үздік қаржы институттары мен халықаралық тәжірибелерді жетік меңгерген. 

«Центрас Капитал» ЖАҚ

«Центрас Капитал» инвестициялық компаниясы 2004 жылы құрылды. Компания Мәскеу Банкаралық Валюта Биржасының (МБВБ) мүшесі және Ресей Сауда Жүйесінің (РСЖ) қатысушысы болып табылады. Ресейдің қаржы нарығы бойынша Федерациялық Қызметі (ҚНФҚ) бағалы қағаздар нарығының қатысушысы ретінде берген барлық негізгі лицензиялары бар:

  • брокерлік (лицензияның нөмірі 077-07821-100000);
  • дилерлік (лицензияның нөмірі 077-07825-010000);
  • бағалы қағаздарды басқаруға (лицензияның нөмірі 077-07828-001000);
  • депозитарлық қызметке (лицензияның нөмірі 077-08164-000100).

Компания көрсететін қызметтер қатарына Ресейдің үздік биржалық алаңдарында – МБВБ, РСЖ және «Санкт-Петербург» ФБ, көрсетілетін брокерлік қызметтер, депозитарлық қызметтер мен активтерді басқару қызметтері жатады.

Компанияда ресейлік, қазақстандық және халықаралық қаржы нарығы бойынша тәжірибелік қоржыны толы білікті мамандар тобы жұмыс жасайды.