Байланыс ақпараттары

Мұнай операциялары және ұңғымалау жұмыстары

Мұнай операцияларын сақтандыру дегеніміз мұнайға байланысты операциялар бойынша қауіптерді сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады: мүлікті сақтандыру, ұңғымалау құбырларын бақылау мүмкіндігінің жоғалуына байланысты кездейсоқ шығындарды сақтандыру, үшінші тұлғалардың денсаулықтары мен өміріне немесе қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, жұмыс берушінің жұмыскердің қызметтік міндеттемелерін орындау барысынша шеккен залалы үшін жауапкершілігін сақтандыру.

Сақтандыруға жатады

  • ғимараттар мен үймараттар, тарату қондырғылары;
  • құбыр арналары (мұнай және газ өткізетін);
  • ұңғымалау платформаларының корпустары мен механизмдері;
  • геологиялық барлау және іздестіру жұмыстары барысында қолданылатын арнайы жабдықтар мен қондырғылар;
  • мұнай және газ құбырларын пайдалануға қатысты қосалқы бөлшектер, тіркесімдер, сондай-ақ басқа да материалдар;
  • қазандықтанрдағы ұңғымалық ерітінділер немесе пласттық флюидтер;
  • арнайы қоймаларды сақталатын және мұнай мен газ құбырлары арқылы тасымалданатын дайын өнім;
  • аяқталмаған өндіріс пен күрделі құрылыс нысандары;
  • басқа да мұнайлық мүліктер мен жабдықтар;
  • Сақтанушының ұңғымалау құбырларын бақылау мүмкіндігінің жоғалуына, қайталап ұңғымалауға және сақтандырылған ұңғымаларды немесе, кез келген басқа алаңды қалыпқа келтіруге, қираған (зақымданған) мүліктің сынықтарын тазарту, бөлшектеу, сүру немесе нығауға байланысты басқа да шығындары. 

Сақтандыру тарифтері дербес түрде қызметтің ерекшеліктері мен жергілікті жағдайлардың ескерілуімен анықталады.

Заявка на страхование для юридических лиц: