Байланыс ақпараттары

Жеке тұлғалардың мүлкін сақтандырудың кешенді бағдарламасы

Өзіңіздің үйіңізді немесе пәтеріңізді аман сақтап қалуды ойландыңыз ба? Жарылып кеткен құбыр немесе бұзылып қалған кір жуу машинасы үшін пәтерді жөндеуге кететін шығынды көтергіңіз келмей ме? Егер аяқ астынан көршілерге су кетіп қалса кім залалдың орнын толтырады? Пәтеріңізді жалға бересіз және ондағы мүлік үшін алаңдайсыз ба?

Онда Сіз өзіңізді осындай проблемалардың барлығынан қорғайтын керемет амалды таптыңыз — біздің мүлік пен көршілер алдындағы жауапкершілікті сақтандыратын жаңа бағдарламамыз – Сізге керектің нағыз өзі!

Біздің бағдарламамыз өте қарапайым және түсінікті, өтінімді 3 минутта ресімдеуге болады, ал сақтандыру төлемін небары екі негізгі құжат арқылы ала аласыз. Оның үстіне сақтандыру сомасын Сіз өзіңіз таңдай аласыз!

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

1. Тексерусіз

Сіздің пәтеріңізді сақтандыру үшін бізге оны алдын ала тексерудің қажеті жоқ (басқа сақтандыру компаниялары көбінесе тексеріп алады). Бұл өте қолайлы.

2. Шектемдердің кең таңдауы

Пәтеріңіз бен көршілер алдындағы жауапкершілікті қандай сомаға сақтандыратындығыңызды Сіз өзіңіз таңдайсыз. Сол арқылы Сіз сақтандыру сомасын реттей аласыз. Шектемдерді таңдау Сіздің пәтеріңіздің (немесе үйіңіздің) ауданына байланысты.

3. Сіз неғұрлым қауіпті деп санайтын тәуекелдерді ғана таңдау мүмкіндігі

Пәтеріңізді сақтандыра алатын 6 қауіп түрінің тек 2 түрі ғана тұрақты болып саналады, қалған 4 түрін Сіз өз таңдауыңыз бойынша сақтандыру Келісім-шартына енгізуге немесе енгізбеуге құқылысыз.  Сол арқылы Сіз сақтандыру сомасын реттей аласыз.

4. Франшизасыз

Көптеген сақтандыру компаниялдары мүлікті сақтандырудың негізгі шартының бірі ретінде франшизаның болуын талап етеді – яғни, бұл шығынның Сіз өзіңіз өтейтін бір бөлігі. Ал біз егер де Сіз сақтандыру ақысын өтеген болсаңыз басқа ештеңеге төлем жасауға міндетті емессіз деп санаймыз, сондықтан да біздің бағдарламада ешқандай франшиза қарастырылмаған.

5. Жылжымалы мүлік тегін қамтылады

Сақтандыру шарттары бойынша сақтандырылатын зат: 1) пәтердің немесе үйдің ішкі және сыртқы әрленімдері (төбесінің, қабырғаларының, едендерінің жабындарын, сыртын қаптаған шынысын, шатырын, терезелерін, есіктерін, қылтималары мен лоджияларының әрленімдерін қоса алғанда); және 2) инженерлік және техникалық жабдықтар (электр қуатымен, газбен және сумен қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелер, кәріз арналары мен жылыту жүйелері, желдету және ауаны кондиционерлеу жүйелері, сантехника, бейнебақылау жүйелері және т.б.). Бұған қосымша ретінде біз Сіздің жылжымалы мүлкіңіздің де қамтылуын қарастырдың – жиһаз бен тұрмыстық техника. Сақтандыруға жылжымалы мүлікті қосу оның бағасына өзгеріс келтірген жоқ.

6. Көршілер алдындағы жауапкершілікті сақтандыру

Сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша сақтандыру Келісім-шартына көршілер алдындағы Сіздің жауапкершілігіңізді енгізе аласыз. Демек, Сіздің кінәңіздің салдарынан Сіздің көршілеріңіздің мүлкіне залал келтірілетін болса, онда барлық шығынды біз өтейтін боламыз. Бұл өте қолайлы және аяқ асты болатын шығындардың және көршілермен жанжалдасудың орын алуына жол бермейді. 

7. Сақтандыру 1 ғана құжат бойынша

Сақтандыру Келісім-шартын жасау үшін Сіздің жеке басыңыздың куәлігін көрсетуіңіз жеткілікті. Пәтерге қатысты құжаттарды біз Сізден сақтандыру төлемін беретін кезде ғана талап етеміз. Оның үстіне, Сіз өзіңіздің иелігіңізде болып табылмайтын пәтерді де сақтандыра аласыз – егер оны Сіз жалдайтын болсаңыз немесе ол Сіздің туыстарыңызға тіркелген болса. Тек қана сақтандыру төлемін пәтер иесіне беретіндігімізді ескеру қажет. 

8. Төлем алу үшін құжаттардың минималды жиынтығы талап етіледі

Сақтандыру төлемін алу үшін Сіз біздің апаттық комиссарды оқиға орнына шақыртасыз (кез келген ұялы байланыс операторынан тәулік бойы 7072 нөміріне тегін қоңырау шалу), сондай-ақ 2 негізгі құжатты ұсынасыз (пәтердің құжаттарынан басқа): 1) сақтандыру оқиғасының орын алу айғағын растайтын жергілікті құзырлы органның анықтамасы (мысалы, су аққанда ПИК немесе өрт болса өрт сөндіру қызметінің, болмаса үшінші тұлғалардың және т.б. құқыққа қарсы әрекеттері орын алғанда милицияның); және 2) тәуелсіз сарапшының келтірілген залалды бағалау туралы есебі. Төлем қажетті құжаттар толық тапсырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде берілетін болады.

Сақтандырудың барлық шарттары туралы Сіз толығырақ сақтандыру Келісім-шартын оқығанда таныса аласыз. Келісім-шарт жасалғаннан кейін 8-күні күшіне енетіндігін ескеруіңізді өтінеміз.