Байланыс ақпараттары

Мүлік

Кез келген мүлік сақтандырылады: жылжымалы, жылжымайтын, кепілге берілген мүлік, қоймадағы және сауда залындағы тауарлар.

Төмендегі жағдайлар салдарынан мүліктің жойылуы (жарамсыздануы) немесе зақымдалуы сақтандыру оқиғасы болып танылады:

  • өрт, жарылыс, найзағай соққысы, түтіннің әсері;
  • дауыл (құйын);
  • бұршақ;
  • су тасқыны;
  • жер сілкінісі;
  • су тарату, кәріз арналары немесе жылыту жүйелерінен ағатын судың басуы;
  • өрт сөндіретін автоматты жүйенің жалған іске қосылуы;
  • бұза отырып ұрлау немесе тонау, мүліктің одан кейін жойылуын және зақымдалуын қоса алғанда;
  • өздігінен жүретін көлік құралының басып кетуі;
  • сынақтан өткізілетін ұшқын объектілердің, олардың бөлшектерінің немесе сол объектілермен тасымалданатын жүктің соқтығысуы немесе жерге құлауы, ұшқыш объектінің дыбыстық кедергіден өтуі.

Сақтандыру сомасы мүліктің іс жүзіндегі нақты нарықтық құны бойынша анықталады.

Сақтандыру тарифтері сақтандыру объектісінің сипаттамаларына, оның орналасқан жеріне, сондай-ақ қауіп деңгейін анықтауға айтарлықтай әсер ететін басқа да факторларға байланысты сақтандыру сомасының  0,2% бастап 0,9% дейінгі мөлшерде анықталады.

Сақтандыру төлемі сақтандыру Келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы шеңберінде мүлікке келтірілген нақты залал көлемінде беріледі. 

Заявка на страхование для юридических лиц: