Байланыс ақпараттары

Біздің акционерлер

«СентрасКапитал» ЖШС Қоғамның дауыс беретін акцияларының 90% астамына ие ірі акционер болып табылады. 

«Сентрас Капитал» ЖШС 2004 жылы құрылды және бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей нарықтарында қызмет ететін компаниялар тобының басын біріктіріп отыр.  Компания қызметінің негізгі бағыты қаржы, бағалы қағаздар саудасы мен салықтық қарым-қатынастар саласында консалтингтік қызметтер көрсету.

2007 жылдың наурыз айында «Сентрас Капитал» ЖШС Еуропалық тікелей Инвестициялар мен Верчурлік капитал Ассоциациясына (EVCA) мүше ретінде қабылданған алғашқы қазақстандық компания болды. 

Қоғамның акционерлері мынадай құқықтарға ие:

  • Өздеріне тиесілі акцияларға иелік ету, пайдалану және оларды жұмсау;
  • Компанияға оның қызметі туралы ақпарат алу өтінішімен жүгіну және Компания Жарғысында бекітілген мерзімдер ішінде негізді жауап алу;
  • Акционерлердің жалпы жиналыстарына қатысу және онда дауыс беру;
  • Басқарушы органдарды сайлауға қатысу;
  • Компания табысының үлесін (дивидендтер) алу.

Өзінің қызметі барысында «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ акционерлердің Қоғамның қызметіне қатысты басты шешімдерді қабылдауына белсенді түрде қатыстыру жолымен, өзінің акционерлеріне Компанияның акционерлердің мүдделеріне қатысты қызметі туралы ақпараттарды осындай ақпараттарды қаржы нарығын реттеу мен басқару органдарының тиісті талаптарына сай келетін бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ ресми сайтында жариялау арқылы өзінің акционерлерінің құқықтары мен мүдделерінің сақталуын барынша қамтамасыз етуге ұмтылады.  Компания акционерді өзінің қаржылық-шаруашылық қызметі мен оның нәтижелері туралы шынайы ақпараттармен қамтамасыз етеді. 

Акционерлер, директорлар Кеңесі мүшелерінің және Компанияның атқарушы органының арасындағы қарым-қатынас өзара сенім білдіру, сыйластық, есептілік және бақылау қағидаттары негізінде реттеледі.

Акционерлердің мүдделері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаты негізінде Қоғамның директорлар Кеңесі қызметі құрылды. 

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ директорлар Кеңесі Сақтандыру Компаниясының Компанияның қызметіне жалпы басшылық ететін алқалық органы болып танылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Жарғысына сай акционерлердің жалпы жиналысының құзырына ғана жататын мәселелерді санамағанда. 

Директорлар Кеңесінің негізгі міндеттері қызмет мақсаттарын стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді басқару, Компанияның Басқарма мүшелері мен ішкі аудит Қызметі жұмысшыларының сыйлықақыларының көлемін анықтау және бекіту, сондай-ақ оларды бақылау, Қоғамның акционерлерімен қарым-қатынасты қалыптастыру, Қоғам қызметіне қаржылық бақылау жасау, қажет болған жағдайда корпоративтік саясатты, негізгі әрекет ету жоспарларын, тәуекелдерді басқару саясатын, жылдық бюджетті және бизнес-жоспарларды әзірлеу мен қайта қарастыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында және акционерлердің 2009 жылдың «27» қаңтарында болған кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген директорлар Кеңесінің Регламентінде бекітілген басқа да қызметтерді атқару. 

Директорлар Кеңесінің құрамында 2 тәуелсіз директор бар, бұл директорлар Кеңесі мүшелерінің жалпы санының 1/3 бөлігін құрайды. Тәуелсіз директорға тән ерекшелік оның Бас акционерге, компания мен мемлекеттік менеджментке тәуелсіздігі.

Директорлар Кеңесінің мүшелері

Әбдіразақов Елдар Советұлы — «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы.

Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 79 бабының 2-2 тармағына сәйкес:

«Қоғам корпоративтік веб-сайтта ірі акционерлер туралы ақпаратты, сонымен қатар басқа заңды тұлғада басшылық немесе басқа негізгі қызметін қоса атқаратын, қоғамның басқарма органының мүшелері туралы ақпаратты, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте басқа заңды тұлғадағы уәкілеттері мен міндеттері туралы ақпаратты көрсетумен орналастыруға міндетті».

Әбдіразақов Елдар Советұлы — "Сентрас Капитал" ЖШС ірі мүшесі, "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры,  "Сентрас Инвест" ЖШС ірі мүшесі, "Сентрас Инвест" ЖШС Бас директоры, "СентрасСекьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, "СК "Коммеск-Өмiр" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, "Венчурный фонд Сентрас" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, "Казахстанская фондовая биржа" АҚ Биржалық кеңесінің мүшесі.

"Сентрас Капитал" ЖШС, "Сентрас Инвест" ЖШС Бас директоры, жалпы жиналыстың құзырына кіретін мәселелерден басқа, барлық басқа мәселелерде құзырлы, соның ішінде:

·  ағымдағы және перспективті жұмыс бағдарламалары орындалуын қамтамасыз ету;

·  қатысушылардың шешімдерін дайындауды және орындалуын ұйымдастырады, орындалуы туралы есептерді ұсынады;

·  серіктестіктің мүлкін, соның ішінде қаржысын басқарады;

·  серіктестіктің атынан шарттарды (контрактілерді) бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

·  банк шоттарын ашады;

·  серіктестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

·  серіктестіктің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;

·  серіктестікті ұсыну құқығына сенімхаттар береді, соның ішінде сенімді басқаға беру құқығымен сенімхаттарды;

·  серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды лауазымға тағайындау, қызметін ауыстыру, босату туралы бұйрықтар шығарады, еңбек ақы жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақы мен жеке қосымшалар  мөлшерін анықтайды, сыйақылау мәселелерін шешеді, марапаттау және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;

·  серіктестіктің қызметкерлері орындауы міндетті басқа бұйрықтар шығарады және  тапсырмалар береді;

·  серіктестіктің жарғысымен қатысушылардың жалпы жиналысының немесе серіктестіктің қадағалаушы органының құзырына кірмейтін басқа уәкілеттерді атқарады, сонымен қатар қатысушылардың жалпы жиналысы ұсынған уәкілеттерді де атқарады.

"СентрасСекьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның жиналысын жүргізеді, сонымен қатар қоғамның жарғысымен анықталған басқа қызметтерді атқарады.

"СК "Коммеск-Өмiр" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның жиналысын жүргізеді, сонымен қатар қоғамның жарғысымен анықталған басқа қызметтерді атқарады.

"Венчурный фонд Сентрас" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның жиналысын жүргізеді, сонымен қатар қоғамның жарғысымен анықталған басқа қызметтерді атқарады.

"Казахстанская фондовая биржа" АҚ Биржалық кеңес мүшесі лауазымына сәйкес уәкілеттерді және міндеттерді атқарады. 

Тұрысбеков Бейбіт Әбдіманапұлы — «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. Бұл лауазымға акционерлердің 2008 жылдың «30» қаңтарындағы жалпы жиналысының шешімі негізінде тағайындалған. 

Жанәлинов Арман Сәбитұлы — «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.  Бұл лауазымға акционерлердің 2010 жылдың «09» желтоқсанындағы жалпы жиналысының шешімі негізінде тағайындалған.

Директорлар Кеңесі мүшесінің қызметтік істермен және үрдістермен танысу тәртібі,  уақытынан бұрын немесе кезекті сайлау кезінде де қайта сайлау барысында директорлар Кеңесі мүшелерінің құзырларының тоқтатылу тәртібі, лауазымды ерікті түрде босату тәртібі, жүктелген міндеттемелерді орындамау үшін жауапқа тарту шаралары, директорлар Кеңесі отырыстарын шақырту және өткізу тәртіптері Компанияның Жарғысы және ішкі құжаттары бойынша анықталады,  директорлар Кеңесімен әзірленеді және Компания акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітіледі.