Байланыс ақпараттары

Ұжым

Бейбит Турысбеков

Басқарма Төрағасы

Б.А.Турысбеков өзінің еңбек жолын 2004 жылы құрылған Centras Компаниялар Тобында, «Сентрас Секьюритиз» АҚ қаржы директоры лауазымында бастады.

2008 жылдан бері «Сентрас Иншуранс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Топтың Холдинг компаниясы болып табылатын «Сентрас Капитал» ЖШС Басқарушы директор лауазымында.

2011 жылы «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, аталған лауазымда 2015 жылды қоса қызмет етті.

2015 жылдан бері «Коммеск-Өмір» СК» АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің мүшесі.

Түрлі бағыттар бойынша Топтың көптеген инновациялық жобаларын табысты үйлестіре білді.

2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап - «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.

Centras Компаниялар Тобы мамандарының командасына қосылмастан бұрын, 1995-1997 ж.ж. ҚР Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп және есептілік реформалары бөлімінде жұмыс істеді.

1997 – 2004 ж.ж. «Казкоммерцбанк» ААҚ және «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ тәрізді қаржы институттарында басшылық лауазымдарда қызмет етті.

Бейбит Абдиманапович үлкен басшылық тәжірибеге, кең ауқымды білімге және қаржылық сектордың түрлі салаларындағы жоғары біліктілікке ие тұлға.

Надежда Хван

Басқарма Төрағасының орынбасары

Надежда Висраминовна Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына 01.02.2018ж. бастап тағайындалды.

Н.В.Хванға Серіктестік және брокерлік сатулар департаменті, Өңірлік даму департаменті, Интернет-жобалар басқармасы тәрізді құрылымдар бағынышты.

Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Надежда Висраминовна Басқарма мүшесі – Басқарушы директор лауазымында болды, Заң департаментінің, Өңірлік даму департаментінің жұмысына басшылық етті.

1995 жылдан бергі жұмыс аралығында ол заңгер лауазымынан Басқарушы директор, Басқарма мүшесі лауазымына дейін өсті. Ол Заң департаментінің директоры лауазымын «Коммеск-Oмiр» СК АҚ, «Сентрас Капитал» ЖШС тәрізді компанияларда атқарды, Басқарушы директор лауазымын «Коммеск-Oмiр» СК АҚ және «НТВ Медиа» ЖШС тәрізді компанияларда атқарды.

Айгуль Абдразакова

Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары

Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары лауазымында Айгуль Советовна Операциялық департаментінің, Бухгалтерлік есеп және талдау департаментінің, онымен қатар Программалау департаментінің, Жүйелік әкімшіліктендіру басқармасының, Әкімшілік басқарудың, Канцелярияның және Help Desk бөлімінің жұмысына басшылық етеді.

А.С. Абдразакованың ірі қазақстандық компанияларда үлкен (20 жылдан астам) еңбек өтілі бар, оның ішінде сақтандыру компанияларында, мысалы, «Казкоммерцполис» СК ААҚ, «Коммеск Өмір» СК АҚ тәрізді. Компанияның қаржы, бақылау және аудит құрылымдарында басқарушы лауазымдарды атқарды. «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ының Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына 2015 жылдың 1 қыркүйегінде тағайындалды.

А.С.Абдразакова 2014 жылы «Еңбек сіңірген қаржыгер» Қоғамдық орденімен марапатталды.

Альбина Бахтигареева

Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Альбина Фанилевна Басқарма мүшесі – Басқарушы директор лауазымына 01.02.2018ж. бастап тағайындалды.

А.Ф.Бахтигареева Бөлшектеп сақтандыру департаменті, Call центр, HR Басқарма, Маркетинг басқармасы тәрізді құрылымдардың қызметіне басшылық етеді.

Басқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін ол HR департаментінің директоры, Басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды, HR-департаментіне, Бөлшектеп сақтандыру департаментіне және Call-центр бөліміне басшылық етті. «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясындағы еңбек жолын 2011 жылы Кадр бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады. Сол жылдан бергі жұмыс аралығында ол Персоналмен жұмыс жөніндегі басқарманы, Әкімшілік-Шаруашылық департаментін басқарды. Жүйелік әкімшіліктендіру басқармасына, Канцелярия мен архивке куратор болды.

Ертеректе ол «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ында Корпоративтік қаржыландыру департаментінде жұмыс істеді, бағалы қағаздарды шығару және орналастыру үшін жауапты болды.

Ержан Үндібаев

Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Ержан Сатбекович Басқарма мүшесі – Басқарушы директор лауазымына 01.02.2018ж. бастап тағайындалды.

Оның басшылығымен Сақтандыру төлемдері департаменті, Заң департаменті, Аджастерлер қызметі, Сыртқы коммуникациялар жөніндегі басқарма, Канцелярия тәрізді құрылымдар өз жұмысын атқарады. Басқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін Ержан Сатбекович Сақтандыру төлемдері департаментінің директоры лауазымын атқарды және Басқарма мүшесі болды.

2009 жыл оның мансабында атаулы жыл болды, себебі ол жыл Сақтандыру компаниясындағы жұмысының есепті нүктесіне айналды. Сол кезде ол Шығындарды реттеу департаментінің жетекші заңгері лауазымында болған. Кейін ол комплаенс-контролер лауазымына тағайындалды және 2011 жылы Шығындарды реттеу басқармасын басқарды.

Досбол Нұрқатов

Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Досбол Маратович Басқарма мүшесі – Басқарушы директор лауазымына 01.02.2018ж. бастап тағайындалды.

Досбол Маратович Андеррайтинг департаменті, ЕМС сүйемелдеу басқармасы, Стратегиялық талдау басқармасы тәрізді құрылымдарға жіті басшылық етеді.

Басқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін Досбол Маратович Андеррайтинг департаментінің директоры лауазымында болды және Басқарма мүшесі болды, Андеррайтинг департаментіне, Ерікті медициналық сақтандыруды сүйемелдеу басқармасына, Әдістеме бөліміне және Бизнес-үдерістерді реинжинирингтеу бөліміне басшылық үшін жауап берді. Сақтандыру компаниясындағы мансаптық жолы 2012 жылы Андеррайтинг департаменті директорының орынбасары позициясынан басталды. Табысты қызмет ету нәтижесінде, біраз уақыттан кейін, ол аталған департаментті басқарды. Компанияға келгенге дейінгі бірнеше жыл бұрын Досбол Маратович «Amanat Insurance» СК» АҚ, «БТА Страхование» БТА Банкінің ЕК, «Сая» СК» АҚ қызмет етті, аталған мерзім аралығында оның қызметі тәуекелдерді басқарумен және андеррайтингпен байланысты болды.