Байланыс ақпараттары

Саяхатшыларды медициналық сақтандыру

Құрметті клиенттер, біз сіздерге мықты денсаулық пен жайлы демалыс тілейміз!

Егер шетелге баратын азаматтарды сақтандыру Келісім-шартын жасаған болсаңыз мынадай жайттарға назар аударуыңызды сұраймыз!

1. Сақтандыру тек қана төтенше жағдайларды қамтиды.  Сақтандыру арқылы қамтылмайтын аурулар тізімі Келісім-шартта көрсетілген (2-бөлім, олармен мұқият танысуыңызды өтінеміз және қажет болса сақтандыруды ресімдеуші менеджерден түсініктеме алыңыз).

2. Егер шығыстарды өз қалтаңыздан өтеуге мәжбүр болсаңыз – шеккен шығынды өтеу туралы өтінішті Қазақстанға келгеннен кейін 5 күн ішінде жазу керек. Керісінше жағдайда сақтандыру компаниясы төлем беруден бас тартуға құқылы.

3. Төлем алуға (шеккен шығындарды өтеуге) тапсырылатын медициналық құжаттардың түпнұсқалық мәтінде, нотариус арқылы куәландырылған мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге тапсырылуы керек (құжаттар тізімі сақтандыру Келісім-шартының 2 – қосымшасында көрсетілген).

4. Саяхат барысында өзіңізбен алғашқы медициналық көмек медикаменттерінің болғаны дұрыс (ыстықтың көтерілуінен, ас қорыту-ішек қарын жүйесінің ауруынан, аллергиядан). Сақтандырулы ресімдеуші менеджер Сізге қажетті минимумды таңдауға көмектеседі.

5. Егер Сіз үнемі қандай да бір дәрі ішетін болсаңыз саяхатқа барған уақытта сол медикаментті өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз дұрыс.

6. Сақтандыру Келісім-шартын «қалтаның түбіне» тастамаңыз, себебі аяқ астынан ауырып қалатын болсаңыз Сізге ол қажет болады, ассистансқа қалай хабарласуға болатындығын және медициналық көмекті қалай алуға болатындығын анықтай аласыз. Көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен уақтылы болуы Сіздің және Сізбен бірге саяхаттаушы жақындарыңыздың қалай әрекет ететіндігіне байланысты.

Назар аударыңыз! Егер СМС полисі Түркия Республикасында оқуға немесе жұмыс істеуге алынатын болса Сіздің алдымен қабылдаушы тарапқа Түркия территориясындағы азаматтарды ауырып қалудан міндетті түрде сақтандыру туралы заңға байланысты Сіздің полисіңіздің басым күшке ие болатындығы немесе ие болмайтындығы туралы сұрау жасауыңыз керек.

Сіз толғандыратын барлық сұрақтарыңызды қоя аласыз, мамандарымыз оларға жауап береді.

Виза алу үшін СМС полисі

Виза алу үшін елшіліктер (визалық бөлім) сақтандыру сомасы бекітілген сақтандыру Келісім-шартын ұсынуды талап етеді, аталған соманың шетелге шығатын азаматтардың сақтандыру Келісім-шартында көрсетілуі керек. Төменде сақтандыру Келісім-шарттары үшін ұсынылатын минималды сақтандыру сомалары бойынша ақпараттар ұсынылған:

1. Шенген Келісіміне қатысатын елдер мен Швейцария үшін – минималды сақтандыру сомасы 30 000 евро.

2. Австралии, Жапония, АҚШ, Канада елдері үшін – минималды сақтандыру сомасы 50 000 евро/АҚШ доллары.

3. Әлемнің қалған елдері үшін – минималды сақтандыру сомасы 10 000 евро.

Кез келген жағдайда сақтандыру сомасының клиенттің қалауы бойынша минималды болуы мүмкін, бірақ көрсетілген территориялар үшін бекітілген сомадан кем емес.

Бірнеше пайдалы кеңес

Құрметті клиенттер, сапар барысында сізге көмек болатын сақтандыру Компаниясының бірқатар кеңестерімен танысуларыңызды өтінеміз!

Егер Сіз немесе ҚР тыс жерлерде Сізбен бірге дем алушы жақындарыңыз аяқ астынан сырқаттанатын болсаңыздар, өздеріңізді нашар сезінетін болсаңыздар, онда мынадай әрекеттерді орындау керек:

  • Сақтандыру Келісім-шартында көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалу;
  • Сақтандыру оқиғасының орын алу жағдаяттарын түсіндіріңіз (демек, не болғанын айту)
  • Сақтандыру Компаниясының атауын, Келісім-шарттың №, оның жарамдылық мерзімін айтыңыз
  • Орналасқан жеріңізді хабарлаңыз
  • Байланысатын телефон нөмірді айтыңыз

Қажетті ақпарат алынған соң ассистанс Сізге көмек алу үшін қай емханаға жүгіну керектігін немесе Сізді емханаға апарады (егер денсаулық жағдайыңызға байланысты өз бетіңізбен бара алмайтын болсаңыз).

Мұндай жағдайда Сізге көрсетілген қызметтердің құнын өтеудің және құжаттар жинаудың қажеті жоқ, оны Сіз үшін ассистанс орындайтын болады.

Есте сақтаңыз!

Егер Сіз емханаға өз бетіңізше жүгінген болсаңыз (ассистансқа хабарласу мүмкін болмаса немесе дереу медициналық жәрдем көрсету қажет болса), онда Сіздің медициналық қызмет алғаннан кейін және өз бетіңізше олардың құнын өтеген соң барлық құжаттарды тізімге сай жинауыңыз керек (құжаттар тізімі сақтандыру Келісім-шартының 2-бөлімінде көрсетілген).

Шеккен шығынды өтеу туралы өтінішті Қазақстанға келгеннен кейін 5 күн ішінде жазу керек. Керісінше жағдайда сақтандыру компаниясы төлем беруден бас тартуға құқылы.